FAQ

Жиі қойылатын сұрақтар

QazLearn Academy қызметтері туралы ең жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды осы жерден таба аласыз.

Курстар қай тілде өтеді?

Курстар қазақ және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Кейбір модульдер орыс тілінде қосымша материал ретінде беріледі.

Төлемді бөліп төлеуге бола ма?

Иә, серіктес банктер арқылы 3, 6 және 12 айға бөліп төлеу мүмкіндігі бар. Толық ақпаратты қаржы менеджерінен біле аласыз.

Корпоративтік оқыту қалай ұйымдастырылады?

Корпоративтік клиенттер үшін skill gap анализін жасап, арнайы оқу бағдарламасын құрастырамыз. Офлайн және онлайн форматта өткізуге болады.

Менторлық бағдарлама қалай жұмыс істейді?

Әр студентке жеке ментор бекітіледі. Аптасына бір рет 1:1 сессия, Slack арқылы async кері байланыс және progress tracking жүргізіледі.

Түлектерге мансаптық қолдау бар ма?

QazLearn Career Services түлектерге резюме, портфолио дайындауға көмектеседі және серіктес компаниялармен таныстырады.

Платформаға қалай тіркелемін?

QazLearn менеджері сізге onboarding сілтемесін жібереді. Тіркелу процесі 5 минутқа созылады және қауіпсіздік үшін екі факторлы аутентификация қолданылады.

Жауап таппадыңыз ба?

Командаға сұрағыңызды тікелей жіберіңіз – біз 24 сағат ішінде хабарласамыз.