Құқықтық ақпарат
Құпиялылық саясаты
Бұл құжат QazLearn Academy веб-сайтында және оқу платформасында жинақталатын жеке деректерді қалай өңдейтінімізді түсіндіреді.
Соңғы жаңарту күні: 10.01.2024
1. Жинақталатын деректер
Біз келесі деректерді жинауымыз мүмкін:
- Тіркелу кезінде берген аты-жөні, e-mail, телефон
- Оқу платформасындағы прогресс, тапсырма нәтижелері
- Төлем тарихы және шот-фактура мәліметтері
- Cookie файлдары арқылы жиналған аналитикалық деректер
2. Деректерді пайдалану мақсаты
Жиналған деректер:
- Оқу процесін ұйымдастыру және қолдау
- Есеп беру және Learning Analytics қызметін көрсету
- Клиенттермен коммуникация (email, push, SMS)
- Маркетингтік ұсыныстар және сервисті жақсарту
3. Cookie және трекинг
QazLearn Academy веб-сайты функционалды, аналитикалық және маркетингтік cookie файлдарын қолданады. Пайдаланушы cookie баннері арқылы рұқсат бере алады немесе бас тарта алады.
4. Үшінші тараптармен бөлісу
Деректер серіктес сервис провайдерлеріне (CRM, төлем жүйесі, аналитика құралдары) келісімшарт талаптарына сай берілуі мүмкін. Барлық провайдерлер деректер қауіпсіздігі стандарттарын ұстанады.
5. Құқықтарыңыз
- Жеке деректерге қол жеткізу сұрауын беру
- Деректерді түзету немесе жоюды талап ету
- Маркетингтік коммуникациядан бас тарту
- Деректерді өңдеуді шектеу немесе қарсылық білдіру
6. Байланыс
Құпиялылыққа қатысты сұрақтарды privacy@qazlearn.kz адресіне жолдаңыз.